93 мың астаналық тұрғын қалалық сенбілікке шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

93 мың астаналық тұрғын қалалық сенбілікке шығады Жалпықалалық сенбілік уақыты. Фото Даурен Исаев

Астанада 2014 жылғы 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікке 93 мың қала тұрғыны қатысады. Сенбілік барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 2014 жылғы 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікке 93 мың қала тұрғыны қатысады. Сенбілік барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аудан әкімдіктерінің өтініштері бойынша 3,1 мың көшет дайындалды, 120 жуық тиегіш пен 340 жүк көлігі тартылмақ, барлығы 460 астам машина және басқа да мамандандырылған техника лас орындарды жинап, көлемі 2,0-2,5 мың тоннаны құрайтын қоқысты шығарады", - делінген хабарламада.

Бұл күні жалпы ауданы 491,4 га парк пен гүлбақ жиналып, 220 гүлзәр тазартылады. Сенбілікке 8,5 мың кәсіпорын, ұйым мен мекеме, соның ішінде оқушылар, студенттер, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, министрліктер мен агенттіктердің қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен қоғамдық бірлестіктердің, шағын және орта бизнес өкілдері қатысады.

Бұдан бұрын Алматыдағы жалпы қалалық сенбілікке 130 мың қала тұрғыны қатысқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети