Қазақстандық хоккейші Кевин Дэллман астаналық "Барыс" командасмен 9 мамыр күні Минскіде өтетін әлем чемпионатына дейін келісімшарт жасайды, - деп хабарлайды Shaiba.kz.
Қазақстандық хоккейші Кевин Дэллман астаналық "Барыс" командасмен 9 мамыр күні Минскіде өтетін әлем чемпионатына дейін келісімшарт жасайды, - деп хабарлайды Shaiba.kz.
33 жастағы хоккейшінің "СКА" клубымен келісімшарты 2014 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Бірақ Кевин ол келісімшартты уақытынан бұрын бұзып, Қазақстанға келеді. Дэллмэнның "Барыс" клубына қайта оралуының басты себебі ретінде Беларусь елінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетуі айтылуда. Қазақстан хоккей федерациясының мәліметі бойынша, Дэлман хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының сапына 21 сәуір күні қосылады.
Кевин Даллмэн Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өткізген 29 матчта 9 ұпай (5+4) және плей-офф кезеңінде 10 ойында 9 ұпай жинады.
Еске салайық, хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 9 және 25 мамыр аралығында Минскіде өтеді. Қазақстан құрамасы бұл сында Ресей, АҚШ, Германия, Латвия, Беларусь және Финляндия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.