Қазақстанның аграрлық саласын несиелеуге 20 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның аграрлық саласын несиелеуге 20 миллиард теңге бөлінеді Фото Tengrinews.kz

Қазақстанның аграрлық саласын несиелеуге 20 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның аграрлық саласын несиелеуге 20 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикалық бюджеттен бөлінетін 20 миллиард теңгені "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие серіктестігі жүйесі арқылы өндірісті көбейтуге және ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеуге 11 миллиард теңге, сонымен бірге мал шуаруашылығын дамытуға 9 миллиард теңге кредит беруді жоспарлап отыр",- делінген хабарламада.

Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім республикалық бюджеттік комиссияның өткен отырысында қабылданған.

"Бюджет қаражатын игеру ауылшаруашылығы кәсібімен айналысатындарға жеңілдікпен ұзақ мерзімді несие беруді қамтуға мүмкіндік береді. Олардың өнім өндіруіне және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуіне, техника, мал сатып алуына мүмкіндік туғызып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының хал-ахуалын, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға септігін тигізеді",- делінген таратылған хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети