18 сәуір 2014 | 12:19

Чавеспен жекпе-жегі өтпейтін жағдайда Головкиннің басқа жоспары бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин. Фото ©Getty Images Геннадий Головкин. Фото ©Getty Images

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кіші Хулио Сезар Чавеспен белгіленген жекпе-жегі өтпей қалса, онда қазақстандық боксшы басқа жоспар ойластырып қойған. Бұл туралы  Boxingscene.com порталына Головкиннің бас бапкері Абель Санчес айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кіші Хулио Сезар Чавеспен белгіленген жекпе-жегі өтпей қалса, онда қазақстандық боксшы басқа жоспар ойластырып қойған. Бұл туралы  Boxingscene.com порталына Головкиннің бас бапкері Абель Санчес айтып берді.

Головкин - Санчес кездесуі 19 сәуір күні Лос-Анджелес қаласы маңындағы Инглвуд қалашығындағы "Форум" (Forum) аренасында өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен екі тарап өкілдері бұл жекпе-жек туралы келісімшартты әлі аяқтай алмай жатыр. Егер бұл кездесу өтпейтін болса, онда Головкин дәл сол күні басқа боксшымен жұдырықтасады. Бірақ ол кездесу Нью-Йорк қаласында өтеді. Мұндай жағдайда HBO телеарнасы жекпе-жекті ақылы емес, тегін таратады. 

Ал Санчес болса Головкин - Чавес кедесуі болады деп үміттенуде. Бұған дейін бапкер келіссөздер 99 пайызға аяқталды деген болатын. Оның айтуынша, нақты келісім алдағы бір аптаның ішінде шешілуі керек. Сондай-ақ Санчес өзінің шәкірті мексикалық боксшыны жеңетініне сенімді. 

Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, Гана боксшысы Осуману Адаманы жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаундқа түсірген. Ал соңғы нокдауннан кейін төреші кездеуді уақытынан бұрын тоқтақтан болатын

Содан кейін Головкин шаршы алаңға 26 сәуір күні шығуы керек еді. Бірақ әкесінің қайтыс болуына байланысты Геннадий ол кездесуге шығудан бас тартты. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer