Назарбаев: Ұлтаралық қатынастар саяси ойын алаңы емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Ұлтаралық қатынастар саяси ойын алаңы емес

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев фашизммен болған соғыстағы ұлы Жеңісті ешқашан санадан шығармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев фашизммен болған соғыстағы ұлы Жеңісті ешқашан санадан шығармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар халқымыздың, бүкіл ТМД халқының Ұлы Отан соғысында "сұр обаны" жеңу жолындағы ұлы құрбандықтарын әрқашан есте ұстауы тиіс. Ол әрқашан жаңа ұрпақты отбасында, мектепте, ЖОО-да тәрбиелеудің құралы болуы керек. Фашизмді жеңуіміз туралы естеліктің ешқашан санадан өшпегені маңызды", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, ол ұлтаралық қатынастарды саяси ойын алаңына айналдырмау керектігін ескертті. "Бұл - адамдардың тағдыры. Оны кейінге қалдыруға, арсыз мақсатқа пайдалануға, саяси топтардың билік үшін күресуге қолдануына болмайды. Ол мемлекет үшін, халық үшін, әрбір адам үшін қауіпті. Шовинизм мен национализмді неофашизмнен жұқа шекара ғана бөліп тұр, одан әрі өтіп кету оңай", - деді Назарбаев.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети