20 сәуір 2014 | 17:02

Украина конституциясына өзгерістер 2014 жылдың күзіне қарай енгізілмек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов. Фото segodnya.ua Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов. Фото segodnya.ua

 Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың айтуынша, Украинаның конституциясына өзгерістер осы жылдың қыркүйек-қазан айларында енгізілмек. Бұл туралы ол  "Украина" телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  РБК сайтына сілтеме жасай отырып. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың айтуынша, Украинаның конституциясына өзгерістер осы жылдың қыркүйек-қазан айларында енгізілмек. Бұл туралы ол  "Украина" телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  РБК сайтына сілтеме жасай отырып. 

Конституцияға енгізілетін өзгерістерге сәйкес елдегі кейбір аймақтардың, аз ұлттардың құқықтары кеңейе түспек. Бұл мәселе бір айдан кейін қарастырыла бастайды. "Мамырдың аяғына дейін алғашқы оқылымда конституциялық өгерістерге дауыс бере аламыз деп үміттенімін", деді Турчинов. Сондай-ақ  ол Киевтегі орталық биліктің жергілікті өзін-өзі басқаруға ниетті екенін жеткізді.

"Біз өз аймағымызды басқаратын жетекшіні өзіміз таңдағымыз келеді. Өйткені қазіргі таңда қандай жағдай болса да, Киев кінәлі болуда", деді Президенттің міндетін атқарушы. Украинадағы аймақтардың құқығын кеңейту туралы мәселе 17 сәуірде өткен Женевадағы келісімінің нәтижесінен кейін басталған. 18 сәуірде Турчинов және премьер-министр Яценюк те осындай мәлімдеме жасады. Естеріңізге сала кетейік, Женевада Украинадағы дағдарысты талқылауға  байланысты ЕО, Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің кездесуі өткен болатын. 

"Украина азаматтарының арасында татулық, түсіністік болуы үшін облыстық, аудандық, қалалық кеңес мемлекеттік украин тілімен қатар орыс тіліне ресми тіл мәртебесін беру туралы шешім қабылдау еркі беріледі", дейді Турчинов. 

Украинаның премьер-министрі барлық аймақтық тілдерге арнайы мәртебе берілетінін айтты. "Біз орыс тіліне арнайы мәртебе беріп отырмыз. Аймақтағы басқа да тілдерге дәл осындай арнайы мәртебе қарастырылуда", деді ол. Сондай-ақ Яценюк аймақтарға өкілеттілік беруге қатысты конституцияға өзгерістер енгізуге Үкімет толықтай даяр екенін жеткізді. 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer