Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік БАӘ Шарджда өтіп жатқан әйелдер және ерлер арасындағы классикалық шахматтан Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Таяуда ерлер мен әйелдер арасында Азияның ресми чемпионаты өтті. Әйелдер тобында 23 шахматшы, ерлер тобында 37 шахматшы қатысты. Әйелдер тобының ішінде 14 жасар Жансая жалғыз қазақстандық қыз.
Рейтинг бойынша қазақстандық шахматшы қатысушылар тізімінде 15-інші болды. Жансая тоғыз партияда 6,5 ұпай жинады және қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орынды иеленді. Ол атақты үнді гроссмейстрі Харика Дронаваллиге жол берді. Бірінші орынды қытайлық Тан атты қыз жеңіп алды. Марапаттау салтанатында турнирді ұйымдастырушылар қазақстандық шахматшының әйелдер арасындағы Азия чемпионтанда жүлдегерлер қатарынан көрінгеніне таңғалғандарын жасырмады. Классикалық шахмат бойынша Азия чемпионтаы 26 cәуірде аяқталады.