22 сәуір 2014 | 13:07

"Нұр Отан" бизнеспен бірлесіп жұмыс істейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото sud.ua сайтынан Фото sud.ua сайтынан

"Нұр Отан" партиясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес кедергілермен күрес барысындағы бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес кедергілермен күрес барысындағы бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің бүгінгі міндетіміз Елбасының тапсырмасына сәйкес, нормативтік құқықтық базадағы кәсіпкерлікке кедергі келтіретін олқылықтарды жою болып табылады. Азаматтардың бизнеспен айналысуына, жаңа істерді ашуға, жер телімдерін иеленуге кедергі болатын мәселелердің барлығы біздің кездесулерімізде айтылып жүр. Ендігіде, осы бағыттағы жұмысты бірлесе жандандырамыз", - деді бүгін "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева фракция Президиумының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, аталған бірлескен іс-қимыл жоспарында отандық бизнестің кедергілерін жоюға қатысты басты 13 пункт белгіленіп отыр. Осыған орай, "Нұр Отан" фракциясы мен кәсіпкерлердің ұлттық палатасы осы бағытта жұмыс істеп, Үкіметке ұсыныстар жасап, заң жобаларына бастамашылық ететін болады. Бұдан бөлек, "Нұр Отан" фракциясы Кеден одағы аясында қазақстандық бизнесті одан да тереңірек қорғау туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамаларын да қолдайтын болады.

"Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындау үшін біз бұған қатысты барлық құралдарды пайдаланамыз. Бұл ретте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы аса маңызды қадам болды. Өйткені, палата бизнестің проблемаларын барынша жан-жақты білетін әрі осы саладағы басты сарапшы орган болып отыр. Палата Үкіметпен қоса Парламенттегі фракциямен де белсенді жұмыс жасайды. Сондықтан да, Мәжілістегі басым көпшілікке ие болып отырғандықтан біздің бұл саладағы жұмысымыз нәтижелі болады деп айта аламыз", - дейді Д. Назарбаева.

Фракция басшысының айтуынша, алдағы уақытта мәжілісмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, бизнестегі кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар заң жобаларын дайындауға кіріседі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer