22 сәуір 2014 | 16:40

Жартылай финалда ең көбі – Қазақстан боксшылары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретте – жүлдегер аруымыз Алуа Балқыбекова. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Суретте – жүлдегер аруымыз Алуа Балқыбекова. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Софияда жалауын желбіреткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына ең көп боксшысы шыққан – Қазақстан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Софияда жалауын желбіреткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына ең көп боксшысы шыққан – Қазақстан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жігіттер арасындағы әлем чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Жартылай финалға біздің елден төрт боксшы шықты. Өзбектерден де шешуші кезеңге төрт боксшы шығыпты. Ал жеті жігіті ширек финалға шығып, өзгелерден асып түскен Украина құрамасының төрт боксшысы ширек финалда ұтылып қалып, жартылай финалға үшеуі ғана жолдама алыпты.

Жалпы, жартылай финалға мына елдердің боксшылары шыққан:
1. Қазақстан, Өзбекстан – 4 боксшыдан;
2. Украина, Ресей, Хорватия – 3;
3. Куба, АҚШ, Әзірбайжан, Болгария, Ұлыбритания, Жапония – 2;
4. Үндістан (AIBA), Италия, Корея, Қытай, Румыния, Германия, Доминикан Республикасы, Беларусь, Армения, Норвегия (IBA), Венгрия – 1.

Қыздар биылғы әлем чемионатында үш салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Жартылай финалға толық құраммен шыққан ешбір ел жоқ. Үш мемлекеттен екі боксшыдан шығыпты.

Қыздар арасында мына елдердің арулары жартылай финалға шықты:
1. АҚШ, Италия, Түркия – 2;
2. Қазақстан, Армения, Украина, Польша, Тайпей, Австралия – 1.

Сонда жігіттер мен қыздарды қосқанда, бес боксшысы жартылай финалға шығып, Қазақстан көш бастап тұр:

1. Қазақстан – 5;
2. АҚШ, Украина, Өзбекстан – 4.

Жартылай финалға боксшылары шыққан барлық елдердің саны – 26.

Енді осы бес жүлденің көбісі алтын болып, әлем чемпионатының қорытындысында, яғни жалпы командалық есебінде көш бастасақ, нұр үстіне нұр болар еді...

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer