22 сәуір 2014 | 17:46

Астанада жерге қатысты жемқорлық көбейіп келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото blog.deriban.net сайтынан Фото blog.deriban.net сайтынан

Астанада жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық оқиғалары көбейіп келеді. Биыл үш айдың ішінде 6 қылмыстық іс қозғалды. Ал өткен жылы бір-ақ қылмыстық іс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық оқиғалары көбейіп келеді. Биыл үш айдың ішінде 6 қылмыстық іс қозғалды. Ал өткен жылы бір-ақ қылмыстық іс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Бүгінде 5 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол істер бойынша мемлекет қазынасына келген шығын 23 миллион теңгені құрады. Қаржы полициясының хабарлауынша, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің басым бөлігі қызмет бабын асыра пайдалану нәтижесінде болып тұрады. Мәселен, Астана қалалық тұрғын-үй басқармасына қарасты "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының бас есепшісі Айнаш Шуматоваға қатысты қылмыстық іс сот қарауына жіберілді. Ол елордадағы саяжай мен гараждардың жер телімдерін мемлекет меншігіне сатып алдым деген сылтаумен қыруар қаражатты таныстардың есеп-шотына аударған. Соның салдарынан "Қалалық жылжымайтын мүлік" мекемесінің 19 миллион бюджеттік теңгесі талан-таражға салынды. 

Жер қатынастары саласында алаяқтық әрекеттер де жоқ емес. Сәуірдің орта шенінде Ақмола облысы Қорғалжын ауданы бойынша әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Е.Абылқадыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қала аумағында жер телімін бөліп беру бойынша оң шешім шығаруға ықпал етемін деп Астана қаласының тұрғыны Д.Ахметовты алдап-арбап, 25 мың АҚШ долларын қолды етіп кеткен. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer