23 сәуір 2014 | 10:20

200 турист Алматыдан Анталияға ұшып шыға алмай отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
КТК телеарнасының көрінісі КТК телеарнасының көрінісі

Соңғы бір тәулікте 200-ге жуық турист Алматы әуежайынан Анталияға ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы бір тәулікте 200-ге жуық турист Алматы әуежайынан Анталияға ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Туристер жолдаманы "Гүлнар тур" туристік компаниясының өзінен және ортадағы делдалдардан сатып алған. Қазақстандық туристер үшін түркиялық  AtlasJet әуекомпаниясының ұшағына тапсырыс берілгенімен, ол ұшақ Қазақстанға келмеген екен. 

"Біз алдымен таблоға қарадық. Онда Стамбул деген жазудан басқа жазу болған жоқ. Ал Анталия деген жазуды мүлде көрген жоқпыз. Содан біз мән-жайды әуежай қызметкерлерінен сұрағанымызда бүгін Анталияға ешқандай да ұшақтың ұшпайтынын айтты", - деді қызылордалық ерлі-зайыптылар.

Жолаушылар таңды әуежайдың күту залында қарсы алғанымен туроператордың өкілдері ол жерге төбе көрсете қоймады. Сондықтан әркім өз қамын өздері жасауға тырысып бақты. Тек екінші күні ғана туристер әуежай маңындағы қонақүйге орналастырылған. 

КТК теларнасы елімізде соңғы жарты жылда шетелдік чартерлі рейстер қызметін пайдалануға тыйым салынғанын еске салды. Алайда, "Гүлнар тур" компаниясының менеджері Геннадий Виволанец Қазақстан мен Түркия сала мамандарының өзара келісімі негізінде туристерді 16 қосымша рейстер арқылы барар жерлеріне жеткізілуі керек болғанын түсіндірмек болды.   

"Өткен дүйсенбіде, жоқ кеше ғана біздегілер мен түріктер Қазақстаннан Түркияға қосымша 16 рейсті ұшыру туралы келіскен болатын. Бұл келісімді чартер деп айтуға келмейді. Ол негізінен тұрақты рейс болып есептеледі", - деді менеджер. Қазір AtlasJet-те Алматы әуежайынан ұшақтарын ұшыру кестесі әзірленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer