23 сәуір 2014 | 12:04

Президенттік тас жолдың топырағын ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Есіл аудандық прокуратурасы ©Есіл аудандық прокуратурасы

Астанада мамандандырылған президенттік тас жолда бес ірі жүк көлігі мен екі жүктиегіш машина қолға түсті, олар Қарағанды - Астана учаскесі аумағынан топырақты заңсыз алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Есіл аудандық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы техникалар мен жүк көліктері 23 сәуір күні 00.20-да Есіл ауданындағы Тельман елді мекені маңында ұсталды. "Бұл факті Есіл аудандық ішкі істер басқармасына тіркелді. Қазір материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне беріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жүргізушілерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды, олардың әрқайсысы бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Читайте также
Join Telegram
Бүгін Отбасы күні
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр

Валюта бағамы

 478.93   529.47   5.29 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети