Алматы облысында көпір ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көпір ұрланды ©Fleetsale.ru

Алматы облысында полицейлер көпір ұрлағандардың ісін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұрылар келтірген шығын - 200 мың теңге.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер көпір ұрлағандардың ісін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұрылар келтірген шығын - 200 мың теңге.

Бақанас ауылының тұрғыны Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне қалқыма көпірдің ұрланғанын айтып шағымданған. Алдын ала тергеу барысында жаяу адамдар, техникалар мен малдың өтуі үшін жасалған жылжымалы көпірдің Іле өзенінің бір саласы - шағын арыққа қойылғаны анықталды. Ол Аралтөбе ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында болған.  

Көпір қожайыны оны ұзақ уақыт пайдаланған, көпірді керек жағдайда бөлшектеп жинастырып қоюға болады екен. Полицейлер ұрлыққа күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғынын ұстады. Оның айтуынша, жылжымалы көпірді су ағызып кеткен, бұл оны далада жатқан жерінен тауып алып, металл қабылдайтын жерге өткізбек болған. 

Полицейлер күдіктінің жауабын тексеріп жатыр. Қазір көпір заңды иесіне қайтарылған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті тергеу уақытында ешқайда кетпеймін деп қолхат жазып берді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети