24 сәуір 2014 | 14:20

Қаламгерлер көрнекті ақын Тынышбай Рахымды еске алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Жазушылар одағының мұрағатынан алынды Фото Жазушылар одағының мұрағатынан алынды

Қаламгерлер қауымы мен поэзия табынушылары көрнекті ақын, сазгер, журналист Тынышбай Рахымды еске алмақшы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әдеби-сазды кеш 25 сәуір күні сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қаламгерлер қауымы мен поэзия табынушылары көрнекті ақын, сазгер, журналист Тынышбай Рахымды еске алмақшы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әдеби-сазды кеш 25 сәуір күні сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.

Жазушылар одағы мен "Тағзым рухани клубы ұйымдастыратын "Көкірегім күйсандық" атты шараға ақынның көзі тірісінде қатар жүрген қаламдастары, белгілі ақын-жазушылар қатысады. Бұл кеште Алтынбек Қоразбаев, Сәуле Жанпейісова, Сәкен Қалымов және "МузАРТ" тобы шығармашылық иесінің әндерін орындап, актер Дулыға Ақмолда мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері оның өлеңдерін оқиды.

"Әннен өлең – бөлек" дейдi бiр "бiлгiш",
"Жоқ! Екеуi бiр, егiз!" деп келем мен! - деп жырлаған ақын поэзия мен музыканы қатар дәріптеп, осы екі шығармашылық салада соңынан тамаша дүниелер қалдырып кетті.  "Еске алу кешінде Тынышбай Рахымның ел арасына кеңінен тарап кеткен "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнінің кейіпкері – қытай жеріндегі қандасымыз, Шыңжаң телевизиясының қызметкері Әмина Ергешқызы мен ақынның замандастары естелік айтады", - дейді ақын Алмат Исәділ.

Ақын, сазгер, әрі журналист Тынышбай Рахым 1946 жылы 12 қыркүйекте Өзбек КСР-інің Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданындағы Свердлов атындағы ұжымшарда туған. 1963 жылы Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің ұлт аспаптары бөліміне оқуға түсіп, оны тәмамдағаннан кейін Жаңатас қаласындағы мектептерде музыка пәнінен (домбыра класы) сабақ береді. 1971 жылға дейін ұстаздық қызметте болып, бұдан кейін әр жылдары баспасөз саласында еңбек етті.

Халыққа танымал "Кеш жарық" хабарының авторы, әрі жүргізушісі болды. "Бесігіміз-бейбіт күн" атты кітабы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты атанған. Біраз әні "Өнер" баспасынан шыққан әуесқой композиторлардың жинағында жарияланып, "Алтайдың ар жағынан келген ару", "Бозорамал", "Алтайдан сәлем" сияқты танымал әндері эстрада орындаушылардың репертуарынан әлі күнге дейін шықпай жүр. Ақын 1999 жылдың 3 тамызында дүниеден өтті.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer