Ресей сенаторлары Украинаға бітімгершілік әскер кіргізуді ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Ресей Федерациялық Кеңес мүшелері елді федерализациялауды жақтаушылар мен қазіргі билік арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан Украинаның Донецскі облысына бітімгершілік әскерін кіргізуді ұсынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Известияға" берген сұхбатында сенатор Валерий Шнякин мәлімдеген. Сондай-ақ ол бұл ұсыныстың 29-сәуірдегі Федарациялық Кеңестің отырысында қаралатынын айтқан. Сенатор "егер де жағдай бұдан да ушыға түсетін болса, бұл мәселе ертерек қаралуы мүмкін" дейді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Ресей Федерациялық Кеңес мүшелері елді федерализациялауды жақтаушылар мен қазіргі билік арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан Украинаның Донецскі облысына бітімгершілік әскерін кіргізуді ұсынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Известияға" берген сұхбатында сенатор Валерий Шнякин мәлімдеген. Сондай-ақ ол бұл ұсыныстың 29-сәуірдегі Федарациялық Кеңестің отырысында қаралатынын айтқан. Сенатор "егер де жағдай бұдан да ушыға түсетін болса, бұл мәселе ертерек қаралуы мүмкін" дейді.

Шнякиннің сөзіне қарағанда, бітімгершілік күштерді кіргізуді Ресей, АҚШ, Еуродақ және Украина келісе отырып шешуі тиіс. Сондай-ақ, сенатор "Украинадағы президент сайлауы жақындаған сайын елдегі жағдай одан әрі ушыға түсетін сияқты, ал, ол өлгендер мен жараланғандар санының артуына әкеліп соқтырады" деп ескертті.

Сонымен қатар, бейсенбі күні Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Украина аумағында Ресей қарулы күштерін пайдалану мүмкін екендігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, егер Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай одан әрі нашарласа, мұндай сценарий жүзеге асатын болады.

"Россия 1" телеарнасындағы "Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасы барысында "мұндай мүмкіндік біздің қолымызда әркез дайын. Әрине біз олай болмағанын қалаймыз" деп атап өтті дипломат. Сондай-ақ, ол, егер Украинаның оңтүстік-шығысындағы зорлық-зомбылық тыйылмайтын болса, онда Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыратынын жеткізді.

Чуркин "Ресей, қажет болған жағдайда, халықаралық құқықтық негізінде Украинаға бітімгершілік күштерді кіргізе алады" деп мәлімдеді. Десе де ол, мұндай жағдайдың болу ықтималдығы төмен екенін айтады.

Естеріңізге салса кетсек, 24-сәуірде Украинаның күш құрылымдары Славянскі (Донецскі облысы) маңында арнайы операцияны қайта жалғастырған болатын. Түрлі дерек көздерінің мәліметінше, бронетехника қолданылған арнайы операция барысында бестен жетіге дейін адам шығыны болған. Соған жауап ретінде Ресей армиясы Украинаның оңтүстік-шығыс аумағымен шекара маңында әскери оқу-жаттығуды бастады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.44  course down  532.14  course down  5.66  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer