Степногорскіде көлікте болған жанжал жол апатына соқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногорскіде көлікте болған жанжал жол апатына соқтырды Фото kp.ru сайтынан алынды

Ақмола облысының Степногорск қаласында жол көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза болып, екеуі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жол көлік оқиғасы жолаушының жүргізушімен жанжалдасып қалуынан болған.

1983 жылы туылған әйел адам Mercedes автокөлігінің алдыңғы жолаушылар отыратын орнында отырған. Дау-дамай кезінде ол жүргізушімен бірге рөлді ұстап алған, осының салдарынан көлік талға соқтығысқан. Әйелдің бел омыртқасы сынып, қаза болған. Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети