25 сәуір 2014 | 13:33

Астанадағы жерді қолдан-қолға көшіруді доғару қажет - Президент

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото sem-40.com сайтынан Фото sem-40.com сайтынан

Бүгін Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда аумағында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алу кезінде оны қолдан-қолға көшіру әрекетіне тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда аумағында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алу кезінде оны қолдан-қолға көшіру әрекетіне тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент жерді алып қою жөніндегі ескерту хат келгеннен кейін оны сату немесе басқа біреуге сыйға беру әрекеттеріне заңды түрде тыйым салу қажет деп санайды. "Әйтпесе, ескерту қағазын алған бойда олар жер телімін туған-туысқандардың атына рәсімдей салады да, болды. Сөйтіп, жазадан оп-оңай құтыла салады. Бұл жерде бірлесіп жұмыс істеген жөн. Ондай әрекеттердің жолын кесу керек. Осылайша 2 мың гектарды құрайтын 142 жер телімі қайта рәсімделіп кетті", - дейді Н.Назарбаев. 

Осы орайда Мемлекет басшысы елорда аумағында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алу жұмысын жалғастыруды тапсырды. "Мәселен, "Ажар" сауда орталығының артындағы жердің бос жатқанына бес жыл болды. Бүгінде ондай жерлер күл-қоқыс алаңдарына айналып барады. Қаланың шетінде емес, дәл орталығында. Бұл масқара ғой! Ол жерлерді инвесторларға беру керек. Олар қуана-қуана алып, құрылыс жұмыстарын бастайтын болады", - деп атап көрсетті Президент.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer