25 сәуір 2014 | 21:12

Үш қызымыз Азияның қола жүлдегері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет confederation.kz сайтынан Сурет confederation.kz сайтынан

Күрес түрлерінен елордамыз Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күні тек қыз-келіншектер күресіп, ел қоржынына үш қола медаль түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күрес түрлерінен елордамыз Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күні тек қыз-келіншектер күресіп, ел қоржынына үш қола медаль түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін әйелдер арасындағы еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде Азияның үздіктері анықталды. Өкінішке қарай, бірде-бір қызымыз финалға шыға алмады. Есесіне, үшінші күні үш қола еншіледік.

63 келідегі Екатерина Ларионоваға ерекше сенім артқанбыз. Өткен күзде Будапеште өткен әлем чемпионатында қола жүлде олжалаған талантты қызымыз Астана төріндегі алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея аруы Кеонгун Кимді жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияның тәжірибелі балуаны, 2009 жылғы Азия чемпионы Юрика Итоға есе жіберіп алды.

Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Вьетнам қызы Хен Лю Тиді белдесу басталған бетте кілемге алып ұрды. Сөйтіп жас та болса (Катя биыл 20-ға толды), өзінің көп жүлделерінің қатарына ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола медалін қосты.

55 келідегі Айым Әбілдинаға да бұйырғаны қола болды. Айым ширек финалда Оңтүстік Корея қызы Джеун Умнан басым түсті. Бірақ жартылай финалда Солтүстік Кореядан келген қонағымыз Сун Джонг Иннен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбек аруы Севар Ешмуратованы қиналмай ұтып (10:0), құрлық біріншілігінде қола жүлдегер атанды.

Бүгінгі үшінші жүлдені 69 келі салмақ дәрежесіндегі Эльмира Сыздықова иеленді. Негізі, ол бірінші белдесуінде-ақ ұтылып қалған-ды. Моңғол қызы Тументсетсег Шархуудан өте алмаған болатын. Бірақ моңғол қызы финалға шығып, Эльмира қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Шешуші белдесуде Тайпэй балуаны Тинг Юді 8:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Өкінішке қарай, 53 келіде бақ сынаған тәжірибелі спортшымыз Жұлдыз Ешімова жүлдеге бір қадам жетпей сүрінді. Ол ширек финалда моңғол Даваачимег Ерхембаярдан басым түскенімен, жартылай финалда қытай Хючун Жонгке есе жіберіп алды. Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде жапоны қызы Хикари Сугаварадан 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Ал 60 келідегі Ольга Калинина құрлық біріншілігінің 1/8 финалында Жапониядан келген қонағымыз Харука Сатодан ұтылып, кілемнен тыс қалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer