26 сәуір 2014 | 14:43

G7 елдері Ресейге қатысты жаңа санкциялар дайындауда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Үлкен жетілік" елдері (G7)Ресейге қатысты жаңа санкцияларды жеделдетіп енгізу бойынша келісті, деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Үлкен жетілік" елдері (G7)Ресейге қатысты жаңа санкцияларды жеделдетіп енгізу бойынша келісті, деп хабарлайды РИА Новости.

G7 құрамына кіретін АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия мен Канада елінің көшбасшылары "келер айда Украинада өткелі отырған сайлауды бейбіт жағдайда өткізу мақсатында" Ресейге қатысты санкцияларды күшейтуге уағдаласты. Келісімге сәйкес бұл жолы да Ресейге экономикасына тікелей қатысы бар бірқатар салаларға нақты шектеулер қоюға бағытталған.

БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, Ақ үй өкілінің бірі жаңа қаржылық шектеулер алдағы дүйсенбі күні күшіне енетін болады. Вашингтон бұған дейін Ресейге қатысты қосымша санкциялар қоюға әзір екендіктерін мәдімдеген болатын. Сол кезде Украинадағы жағдайды бейбіт жағдайда шешуге Мәскеудің әлі де болса мүмкіндігі бары ескертілген еді.

Еске саламыз, ақпанның 22-і күні Жоғарғы рада Украина президенті Виктор Януковичті биліктен аластатып, қолданыстағы конституцияны өзгерте отырып, сайлауды өткізу мерзімін мамырдың 25-іне белгілеген. Ал Қырымда өңірдің мәртебесін анықтауға арналған референдум наурыздың 16-ында өткен. Ол уақытта қырымдықтардың басым көпшілігі Ресейге қосылуға қарсы емес екендіктерін білдіріп, дауыс бергені сол-ақ екен Қырымның Жоғарғы кеңесі тәуелсіздігін жариялаған. АҚШ пен Еуродақ РФ мен Қырымның қосылуына байланысты Ресейге қатысты жекелеген санкциялар енгізген еді.

Атап айтқанда, ресейлік кейбір азаматтарға виза бермеу, қаржылай активтердің алмасуына шектеу қойылған болатын. Кремль де қарап қалаймай батысқа қатысты өз шектеулерін қойған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer