28 сәуір 2014 | 18:24

Еуразиялық идея брендке айналды - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото newsukraine.com.ua сайтынан Нұрсұлтан Назарбаев. Фото newsukraine.com.ua сайтынан

Бүгін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық идеяның брендке айналғанын ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық идеяның брендке айналғанын ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Өз сөзінде Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған кезде, Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын ұсынғанын еске салып: "Ол кезде оның негізі де бар еді. Халықтардың ортақ тарихы, экономикалық ұқсастық, мәдениеттердің араласуы, жалпы адамдардың жақындығы - бұның барлығы жаңа санаттағы мемлекетаралық байланыстарды орнатуға толық мүмкіндік берді. Ендеше, неге біз ол идеяны бірден қолға алып, іске асырмадық? Мен ол туралы айтпай-ақ қояйын. Бұл - бөлек тақырып. Ең бастысы, бүгінде біз Еуразиялық экономикалық одақты құруға келдік", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, кеңес одағы ыдырығанда, әрбір мемлекет өз жолын іздеуге кірісті. Содан барлығы жан-жаққа тарап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы атты ұйымның нақты бағыт-бағдары болмады. "Қазір болса, еуразиялық интеграцияның сан алуан алаңдары жұмыс істеп жатыр. Олар - Еуразиялық даму банкі, Еуразиялық іскерлік кеңес, Ғалымдардың еуразиялық қауымдастығы, Еуразиялық медиафорум, Университеттердің еуразиялық қауымдастығы және тағы басқалар. Бұдан 18 жыл бұрын, яғни Астана елорда болып жарияланғанға дейін екі жыл бұрын мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін алғашқы құрылыс нысандарының бірі ретінде бастадым. Бүгінде ол Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарына жатады. Жалпы, бүгінде еуразиялық интеграция деген түсінік кәдімгідей брендке айналды. Оны белгілі саясаткерлер, экономистер мен журналистер кеңінен қолданып жүр. Ал, ең бастысы, еуразиялық идея бүгінгі өмірден еш алшақтаған жоқ. Осыны ерекше атап өткім келеді", - деп атап көрсетті Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer