Петропавл полициясы шетелдік азаматты Калашников автоматынан оқ атып тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл полициясы шетелдік азаматты Калашников автоматынан оқ атып тоқтатты Калашников автоматы. Бейтарап фото

Петропавл ІІБ-на баса-көктеп кірмек болған шетелдік азаматты тоқтату үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД-не сілтеме жасап.


Петропавл ІІБ-на баса-көктеп кірмек болған шетелдік азаматты тоқтату үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД-не сілтеме жасап.

Полицияның мәлімдеуіне қарағанда, бұл оқиға 26 сәуір күні сағат 11-дің кезінде болған. Өзбекстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өзінің кім екендігін айтып, полиция ғимаратының ішіне кірмек болады. Бақылау-өткізу бекетінде тұрғандар оны ішке өткізбейді. Оларға әлгі адам бой бермейді.

"Қызметте тұрған полиция қызметкерлеріне бой бермей, оларға қарсылық көрсеткен азаматты ұстау барысында табельдік қару – Калашников автоматынан бірнеше ескерту оқ атылды", - деп түсіндірген СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша "Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғандығы мәлімденген. Сабасына түсіру үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолдануға мәжбір болған шетелдік Петропавл ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалаған.

Баса-көктеп кіріп кетпек болғаны үшін ол адам 5 жылдан 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Өзбекстан азаматының Петропавлға жол жөнекей тоқтап, Ресей Федерациясына кетіп қалмақ болғандығы анықталған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети