Шекарада шетелдіктерден ақша бопсалаған екі адам қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарада шетелдіктерден ақша бопсалаған екі адам қолға түсті Қазақ-өзбек шекарасы. ©Тengrinews.kz

Қазақстандық шекарашылар Маңғыстау облысындағы "Тәжен авто" өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін шетел азаматтарынан ақша бопсалаумен айналысқан екі адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің мамандары шетел азаматтары арасында Қазақстан аумағына келу және шекаралас аймақтарда болу тәртібін түсіндіру жұмысын жүргізген. Осы шараның барысында жеңіл автокөлік иелері екі адамның әрекетіне қатысты шағымданған. Олардың сөзіне қарағанда, шетел азаматтары көліктерімен өткізу пунктінің негізгі кезегіне жақындай бергенде жас жігіттер 1-2 орынды 2000 ресей рубліне сатып алуды ұсынады екен. Одан бас тартқандарды автокөлігіңді өртеймін, ұрып жіберемін деп қорқытатын көрінеді.

"Шекара қызметі жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Олардың бірі 23-те, Бейнеу ауданы Тәжен ауылының тұрғыны, екінші 21-де, Ақжігіт ауылының тұрғыны", - делінген хабарламада.

Екі күдіктінің әрекетіне қатысты құжаттар процессуалдық шешім шығару үшін Бейнеу аудандық ішкі істер бөліміне берілді.
 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети