Алматыда жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 3 мамыр күні кешкісін болды.
Алматыда жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 3 мамыр күні кешкісін болды.
№ 95 автобус Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Сол кезде екінші дәрежелі көшеден Mercedes шыға келіп, негізгі жолдағы автобусты өткізіп жібермеген. Соқтығысудан сақтанған автобус жүргізушісі қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болған, бірақ бәрібір Mercedes пен Toyota-ға соғылады. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде Алматыда тежегіші істен шыққан №118 автобус ағашқа соғылған еді. Жүргізуші ірі апатқа жол бермеу үшін рулін аллеяға бұрып жіберіп, жаяулар өтетін жолдың қоршауын бұзып, ағашқа соғылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.