04 мамыр 2014 | 13:32

Қазақстанда қауіпті індет ошақтары туралы нақты ақпарат жоқ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Семей ядролық полигонының жері. ©tainy.net Семей ядролық полигонының жері. ©tainy.net

Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып саналады. Бұдан басқа, ел аумағында сібір жарасының және өзге де қауіпті індеттердің екі мыңнан астам ошағы бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып саналады. Бұдан басқа, ел аумағында сібір жарасының және өзге де қауіпті індеттердің екі мыңнан астам ошағы бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, халықтың инфекциялық және паразитарлық дерттерге тап болмауы, сондай-ақ бөлек инфекциялардың жаппай таралуына жол бермеу агенттіктің негізгі мақсаты болып саналады. Осы орайда бірқатар инфекциялық ауруларға тұрақты түрде бақылау жүргізіліп тұрады. "Бүгінде жер-жаһанда сан алуан биологиялық қауіп-қатерлер бар. Бұған дейін беймәлім болған және бұрынғы аурулар қайтып келіп жатыр. Сондай-ақ сыртқы және ішкі көші-қон ұлғайып келеді. Бұның барлығы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау жүйесін жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда агенттік тиісті шараларды қолға алып, әрбір аймақ бойынша санэпидпаспорт пен арнайы болжам карталарын жасау мәселесін қарастырып отыр. Аталған құжаттардың негізінде ақпараттық бақылау және болжам жасау жүйесі құрылады. Ол арқылы қауіп-қатерлерді бағалап, төтенше жағдайлар алдындағы дайындық деңгейін анықталады", - деді Б.Қуандықов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде елімізде соңғы 20-30 жылда болған болған қауіпті індет ошақтары туралы құжаттар бар. "Бірақ оның барлығы - мұрағат құжаттары. Біз оның негізінде қандай да бір шешім қабылдап, соны нақты іс-әрекет үшін қолдана алмаймыз. Сондықтан ақпараттық бақылау және болжам жасау жүйесін құруды көздеп отырмыз. Ал ретроспективті (лат. retrospectare - өткен жағдайларды саралау) сараптама арқылы болашақта нендей қауіп-қатерлер күтіп тұрғанын анықтаймыз", - дейді Б.Қуандықов.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer