04 мамыр 2014 | 16:44

Украина ахуалына үшінші тарап араласуы керек - пікір

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Одесса. ©REUTERS Одесса. ©REUTERS

Украинаның ішкі күштері билік пен көтерілісшілер арасындағы жанжалды өз бетімен реттей алмайды. Саясаттанушы Рустам Бұрнашев Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның ішкі күштері билік пен көтерілісшілер арасындағы жанжалды өз бетімен реттей алмайды. Саясаттанушы Рустам Бұрнашев Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді.

Саясаттанушының айтуынша, Украина "нәзік" азаматтық соғыс алдында тұр, яғни жанжал ошақтары басылмаған, ал баскөтерушілерді қаруландыру қарқын алып келеді. Бұрнашев "46 адамның өмірін қиған Одессадағы оқиғалар жанжал қатысушыларының өте төмен деңгейде қорғалғанын көрсетеді" дейді. 

"Егер біз азаматтық соғысқа ұқсас жағдай туралы айтатын болсақ, онда, сөзсіз, Украинаның екіге бөлінетіні. Бұл ыдыраудың құқықтық жағынан бекітілуі - екінші мәселе", - дейді сарапшы. Ол елдің қазірдің өзінде екіге бөлінгенін айтып отыр.

Сарапшы жағдайға үшінші тарап - бітімгершілік күштердің араласуын жоққа шығармайды. Бұрнашевтың айтуынша, бітімгершілер жасақтарын ЕҚЫҰ елдері құруы керек. Бұған "Қазбат" және "Қазбриг" бөлімшелерінің қатысуы да ғажап емес. 

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Украинада ахуалдың ушығуы 25 мамырға белгіленген президент сайлауының жақындауымен байланысты екенін айтады. "Бұл күн таяған сайын саяси күштер белсенді бола түседі, соның ішінде, деструктивті, заңсыз қарулы құрылымдар әрекет етеді. Екінші жағынан, Одессаға келсек, мұндай адам шығынын ешкім болжаған жоқ, бұл ахуалды одан әрі ушықтырды. 40-тан астам адамның қаза болуы - адамдарға ойлануға берілген белгі. Сайлау алдында құрбандардың саны аз болады деген азғана үміт қалды", - дейді Полетаев.

Сарапшы Украина билігінің жанжалды реттеудің барлық нұсқасын қарастыруы тиіс екенін айтады. Полетаевтың айтуынша, елді федерализациялау мәселені шешудің тиімді жолы болмақ, бұл жағдайда оңтүстік-шығыс көтерілісшілері өз амбицияларын қанағаттандырады, ал билік елдің аумақтық тұтастығын сақтап қалады.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Одессада көтерілісшілер мен "Евромайдан" белсенділері арасында қақтығыс болып, Ресейді жақтайтын топ тығылған Кәсіподақтар үйі ғимаратына от қойылған еді. Өрттен 46 адам қаза тапты. Бұдан соң Краматорскіде де украин әскерилері мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болып, он адам жан тапсырды.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer