05 мамыр 2014 | 15:39

"Көкжайлау" шипажайы экожүйеге зиян келтірмейді – экологтар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Көкжайлау" жобасынан көрініс "Көкжайлау" жобасынан көрініс

Бүгін Алматыда "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайының экологияға тигізер әсері мәселелері бойынша қоғамдық жиын өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Көкжайлау" ТШШ" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматыда "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайының экологияға тигізер әсері мәселелері бойынша қоғамдық жиын өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Көкжайлау" ТШШ" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам өкілдерінің назарына болашақ "Көкжайлау" шипажайының Жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу аясында дайындалған Қоршаған ортаға әсерін бағалау тұжырымдары ұсынылды. Экологиялық зерттеулерді "Қазэкология" компаниясы жүргізді.

Экологтардың берген бағасы бойынша, құрылыс жұмыстары кезінде қоршаған ортаға аздаған әсері тиеді екен. Бірақ ол заңнамада көрсетілген нормалардан аспайтын көрінеді. Ал "Көкжайлау" шипажайын пайдалануға берген соң оның қоршаған ортаға әсері (зиян келтіруі) рұқсат етілген нормалардан төмен болатындығы да айтылды.

Штаттық режим кезінде "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайының инфрақұрылымдарын салу және пайдалану бойынша жоспарланып отырған қызмет табиғи ортаға және шипажай сыртындағы тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізбейді. Шипажай нысандары орналастырылған аумақтарда қоршаған ортаға әсер етуі – ұзақ мерзімді, бірақ экологиялық талаптарға қойылатын мөлшерге сай, ұйғарылған шамада", - деп атап өтті "Қазэкология" директоры Амангелді Сқақов.

"Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайы" компаниясының атқарушы директоры Лукас Маршанд та өз пікірін білдірді:

Әрине, қоршаған ортаға тигізер әсері болады. Бірақ ол – тек құрылыс жұмыстары кезінде ғана және аз мөлшерде. Ал біздің басты міндеттеріміздің бірі, бұл – оның қоршаған ортаға әсерін мейілінше азайту. Бұған қол жеткізуге заманауи технологиялар мен озық халықаралық тәжірибелер мүмкіндік береді. Әрі оның бәрі міндетті түрде қазақстандық заңнама нормалары негізінде реттеліп отырады. Біздің жобамыз қатаң түрде осы заңнамаға сай жүзеге асырылады. Одан әрі, яғни құрылыс жұмыстары біткеннен кейін шипажай тұрақты түрде дамытылып отыратын және экологияны жақсартуға бағытталатын болады. Мысалы, онда жайқалған бақ, арнайы тоған болады. Сондай-ақ жергілікті өсімдік және жануарлар әлемінің табиғи әртүрлілігін сақтау және көбейту бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу де жоспарда бар. Шипажай өскелең ұрпақты және басқа да ниет білдірушілерді жергілікті жердің мәдениетімен, экологиялық және тарихи мұрасымен таныстыра отыратын танымдық қызметті де атқаратын болады.

"Қоғамдық жиын – көпшіліктің осындай жобаларға атсалысуының маңызды құралы. Бұл жиында көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар шипажайдың Қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттамасына енгізіліп, жобаның экологиялық құрамдас бөлігін жақсартуға көмектеседі", – деп түйіндейді өз мәлімдемелерін "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайы" ЖШС баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer