9 мамыр күні еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 мамыр күні еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді ©Karelinform.ru

9 мамыр күні республиканың көп бөлігінде жел күшейіп, солтүстік-шығыс аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 мамыр күні республиканың көп бөлігінде жел күшейіп, солтүстік-шығыс аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, найзағай ойнайды. Қостанай облысында жел секундына 18 метрге дейін күшейеді. Түнгі мезгілде тұман түседі. 

"Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында. Атмосфералық таралымдардың өтуіне байланысты солтүстік-шығыстың кей өңірлерінде тұрақсыз ауа райы қалыптасып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети