09 мамыр 2014 | 13:58

Қазақстан Президенті еліміздің тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою. Фото akorda.kz "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою. Фото akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою салтанатында еліміздің халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою салтанатында еліміздің халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жеңіс күні – ұлы мереке. Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараймыз. Қасиетті топырағымыздың бір миллион сегіз жүз мыңнан астам ұлдары мен қыздары сұрапыл соғыста шайқасты. Миллиондаған адамдар бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін жұмсап, бел шешпей еңбек етті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев гүл шоқтарын қою салтанатында.

Мемлекет басшысы ардагерлер тек өздерінің жауынгерлік ерліктерімен ғана емес, өмірлік өнегелерімен де қымбат екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнін достық, ерлік және бауырластық тәрізді ұлағатты ұғымдармен байланыстырып, әрдайым есте сақтауға шақырды.

"Оларды бағалап, құрметтей отыра, ардагерлерден ерлікті, еңбексүйгіштікті және бірлікке бекемдікті үйренген жөн. Келесі жылы Жеңістің 70 жылдығын бірге атап өту үшін олар қасымызда аман-сау жүрсін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзін түйіндей келе, ардагерлерге зор денсаулық, мол бақыт және еліміздің аспаны ашық болуын тіледі.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, салтанатты шараға соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың рухына тағзым етуге жиналған елорда тұрғындары қатысты.

Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен, Мәңгілік алау жанына Даңқ гүл тізбегін әкеліп қойды, содан соң бір минут үнсіздік жарияланды.

Қазақстан Президентінің – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының және ардагерлердің алдынан Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасы салтанатты маршпен сап түзеп өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer