Покердің заңдылығын бұзған қазақстандықтан өте көп мөлшерде қаржы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Покердің заңдылығын бұзған қазақстандықтан өте көп мөлшерде қаржы тәркіленді Сурет ultrapoker.net сайтынан алынды.

Покер ойынының заңдылықтарын бұзған қазақстандық ойыншыдан 200 мың доллардан аса қаржы тәркіленді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Pokeroff.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Покер ойынының заңдылықтарын бұзған қазақстандық ойыншыдан 200 мың доллардан аса қаржы тәркіленді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Pokeroff.ru сайтына сілтеме жасап. 

"Интернет арқылы Agrobot_388Z деген бүркеншік есіммен тіркелген қазақстандық құмар ойыншы алаяқтықпен айналысты деп айыпталып, оның жеке шотынан покер ойнаушылардың Pokerstars сайты 250 мың АҚШ долларын тәркілеген", - деп жазады сайт. 

Естеріңізде болса, осы жылдың қараша айында күтпеген жерден 225 мың доллар сыйақы тігілген Red Spade турнирі мен әр апта сайын өтетін әлемдік Sunday Million турнирлеріне қазақстандық ойыншы қатысып, жеңіп алған болатын.  

Бірде қазақстандық ойыншының Pokerstars сайтындағы аккаунты кілтеніп қалып, оның шотындағы 250 мың доллары жоғалып кеткен еді. Сөйтсе, әлгі ойыншы покер ойнының бірқатар заңдылықтарын бұзып, өзінің акаунтынан басқа ойыншының жеке акаунтына өтіп кеткен. Бұл жолы Agrobot_388Z бүркеншік есімді азамат кінәсын жартылай мойындағанымен, сайттың жазасының өте ауыр екенін айтып отыр.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети