Қазақстан құрамасы Германия хоккейшілерінен бір ұпай алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото iihfworlds2014.com сайтынан Фото iihfworlds2014.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізіп, Германия құрамасына тек буллитте есе жіберіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізіп, Германия құрамасына тек буллитте есе жіберіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, 2014 жылғы әлем чемпионаты кеше басталған. Бірақ біздің құрама алғашқы ойынын бүгін өткізіп, Германия құрамасымен кездесті.

Жалпы, неміс командасының деңгейі сәл-пәл жоғарылау деуге болады. Бұл сөздерімізге Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) бүкіләлемдік рейтингінде Германия құрамасының 11-орында, ал біздің құраманың 17-орында тұрғандары дәлел бола алады.

Германия құрамасында жас хоккейшілер көп екен. Олар жылдамырақ, шапшаңырақ қимылдады. Ал біздің еңгерзедей жігіттеріміз оларды мұзайдын жақтауына қысып, жолдарын бөгеп, қарқындарын бәсеңсітіп, көп күш жұмсады.

Әрі есепті біздің хоккейшілер ашты. Андрей Гаврилин "жаңа қазақ" Кевин Даллмэннің алыстан шірене тартқан шайбасының бағытын ойын таяғымен өзгерте қойып, оны қақпа ішіне сүңгітті. Алайда бірінші кезеңнің аяғына қарай Германия құрамасы таразы басын теңестіріп кетті.

Содан екі команда қанша аңдысса да, есепті өзгерте алмады. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған соң, бес минуттық овертайм қосылды. Бірақ овертаймда да есеп өзгермеді. Сөйтіп буллитке жүгінуге тура келді.

Буллитте Германия хоккейшілерінің бақтары жанды. Олар үш буллиттің екеуінде біздің ардагер қақпашымыз Виталий Еремеевті сан соқтырып кетті. Ал бізден тек Дмитрий Уппер ғана шайбаны қақпаға тоғыта алды. Бір қызығы, буллитегі есеп жалпы есептегідей болып шықты.

Сөйтіп, жалпы есеп – 1:2. Қазақстан ұлттық құрамасы ұтылып қалды. Бірақ негізгі уақытта дес бермегендіктен, үш ұпайдың біреуін біздің құрама, екеуін Германия хоккейшілері еншіледі.

Бұл ойында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында қақпашы Виталий Еремеев үздік танылды. Ол өз қақпасына бағытталған 47 соққының 45-ін тойтарды.

Еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтыратын финн маманы Ари-Пекка Селин алғашқы ойындағы бір ұпайға көңілі толмаса да, қанағат тұтатындығын білдірді.

Ертең біздің құрама мұзайдын иелерімен, яғни Беларусь құрамасымен кездеседі.

Қазақстан – Германия – 1:2 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)

Голдар:
1:0 – Гаврилин (Полищук, Даллмэн), 10:08.
1:1 – Плахта (Торстен, Драйзайтль), 18:49.
1:2 – Оппенхаймер, 65:00 /буллит/.
Қақпашылар: Еремеев – Зепп.
Айып уақыты: 20 (16+0+4+0) – 4 (2+2+0+0).
Соққылар: 20 (4+4+9+3+0) – 47 (16+11+16+3+1)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.44  course up  532.14  course up  5.66  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer