13 мамыр 2014 | 15:06

Боз кілем көрігін қыздырған Қалиев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Расул Қалиев. Фото: confederation.kz Расул Қалиев. Фото: confederation.kz

Кейінгі жылдары балуандарымыздың бағы жанбай жүрген еркін күрестен де бір топ жас таланттарымыз төбе көрсете бастады. Солардың бірі – Расул Қалиев, - деп жазады Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі жылдары балуандарымыздың бағы жанбай жүрген еркін күрестен де бір топ жас таланттарымыз төбе көрсете бастады. Солардың бірі – Расул Қалиев, - деп жазады Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен Азиядағы ерен жетістіктерін есепке алмағанның өзінде Дәурен Жұмағазиев пен Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ақжүрек Таңатаров Лондон Олимпиадасында қола жүлде олжалады. Дәулет Шабанбай ең ауыр салмақта атой салып жүр. Осылардың ішінде еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Расул Қалиев те бар. Расулдың ерекшелігі, ол – осы жігіттердің бәрінен жас.

Расул жас болса да, өзін халықаралық аренада әлеуеті зор балуан ретінде көрсете білді. 2011 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль олжалады. 2013 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатында 5-орынға ие болды. Бірнеше халықаралық турнирлерде екінші орынға ие болып, топ жарды да. 2013 жылғы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанып, биыл Астана төрінде алтынмен апталды.

Қазір FILA-ның (Халықаралық күрес федерациясының) жақында қорытындыланған бүкіләлемдік рейтингіндегі көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесіндегі дүниежүзілік тізімде – бірінші орында.

Расул 1991 жылы 16 маусымда туған. Шыр етіп, дүниенің есігін ашқан жері, кіндік қаны тамып, май табанымен алғаш топырағын басқан жері – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.

Жарма топырағынан Расулға дейін де небір саңлақтар, жампоз балуандар түлеп ұшқан. Қабден Байдосов еркін күреске жол ашқан киелі топырақта қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов та туып өскен. Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған, Лондон Олимпиадасына негізінен қазақ балуандарын апарған Алтай Танабаев та осы өңірден шыққан.

Бүгін Расул сол ағаларының жолын жалғастырып, боз кілем көрігін қыздырып жүр. Кім біледі, бәлкім, осы ағалары қол жеткізе алмаған шыңдарға шығар...

Расул күреспен 12 жасынан бастап айналыса бастаған. Әуелі Дәулет Тұрлыханов ағасының жолын қуып, грек-рим күресіне барады. Бірақ еркін күреске аңсары ауады да тұрады. Еркін күресте аяқтан ұстап белдесуге болады. Әдіс-тәсілдері де – әр қилы, сан аулан. Жас Расул осыған қатты қызығады. Ақыры еркін күрестен бір-ақ шығады. Негізі, балуандық өнер қанында бар. Арғы аталары қазақтың ежелгі салт-дәстүрімен күресіп, балуан болған екен...

Расулдың боз кілемде қалай күрескенді ұнататындығын, кімді пір тұтатындығын, басты бәсекелестері кімдер екендігі жөнінде мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer