13 мамыр 2014 | 18:17

Қазақстанда шетелдік валюта депозитінің көлемі өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы шетелдік валютамен сақталған депозит көлемі 2014 жылдың алғашқы тоқсанында 2,2 триллион теңгені құраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


Қазақстандағы шетелдік валютамен сақталған депозит көлемі 2014 жылдың алғашқы тоқсанында 2,2 триллион теңгені құраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Наурыз айындағы қорытынды бойынша, еліміз бойынша жеке салымшылардың шетелдік валютадағы депозиттері 54 пайызды құраған. Ал 2013 жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш 44 пайыздан аспаған болатын. 

Мегаполис тұрғындары өз қаржыларын конвертирлі валютада сақтауды жөн санайды. Сонымен шетелдік валютамен депозитте ақша сақтау бойынша Алматы қаласы алғашқы орында тұр. Мұнда барлық жеке салымшылар депозиттерінің 65 пайызы шетелдік валютада сақталған, одан кейінгі орында – Астана, онда шетелдік валюта депозиті 56 пайыз. Үшінші орында Атырау облысы, мұнда жеке салымшылар депозитінің 44 пайызы шетелдік валютамен сақталған. Жеке салымшылар депозиті Солтүстік Қазақстан облысында 32 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 34 пайыз шетелдік валютада екен.  

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети