"Қарағанды облысында Астанада өткен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруден қайтып келе жатқан, бортына ҚР ТЖМ-нің сарбаздарын тиеген КамАЗ автомашинасы жол көлік апатына түсті" деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жабық әскери көлікте болған барлық 24 сарбаз жол апатынан зардап шеккен. Олардың 9-ы аурухананың жан сақтау бөліміне түссе, ал қалғандары түрлі жарақатпен әскери госпитальге жеткізілген. Сарбаздардың ішкі органдары зақымданған және сынық жарақаттары бар. Қазіргі уақытта жан сақтау бөліміндегі сарбаздар түгелдей емдеу бөлмелеріне ауыстырылған. Болжам бойынша олар ауруханада үш апта жатады. Жол көлік апатына түскен екі көліктің жүргізушілері жеңіл жарақат алған.
Алдын ала болжам бойынша, әскери эшалон тас жолмен келе жатқанда күтпеген жерден ауыр жүк көлігі қарсы бағытқа шыққан. Нәтижесінде екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктер жарамсыз болып қалған. Құдай сақтап, адамдар аман қалған.
"Тәртіпке сай, автокөліктер легін аға қызметкер бастап келе жатқан. Ара қашықтық, қауіпсіздік ережелері толығымен сақталған. Біздің қызметкерлердің айтуынша, МАЗ көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен", - дейді Алматы облысының Ұзынағаш ауылында орналасқан ҚР ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінің химиялық қызмет бастығы Әбдіжалил Ерназаров.
Қазіргі уақытта орын алған жол көлік оқиғасына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.