14 мамыр 2014 | 11:21

Ұлттық құрамамыз үшінші рет ұтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото iihfworlds2014.com сайтынан Фото iihfworlds2014.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізіп, аса тартысты өткен матчта Латвия құрамасынан 4:5 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізіп, аса тартысты өткен матчта Латвия құрамасынан 4:5 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ойын шектен тыс шиеленісті өтті. Ойын басталған бетте латыштар есеп ашқанымен, бірінші кезеңде біздің құраманың қарқыны өте жоғары болды. Таразы басын да тез теңестірді.

Талғат Жайлауов қақпашымен бетпе-бет шығып, голкиперді қалай қапы қалдыру керек екендігінің теңдессіз үлгісін көрсетті. Ал бірінші кезеңнің аяғына қарай Евгений Рымарев біздің құраманы алға шығарды.

Осы ретте айта кетейік, ұстараның жүзіндей лыпылдаған Рымаревті ұлттық құрама бапкерлері айдынға шығармай жүрген. Бұған дейінгі матчта Фёдор Полищук Беларусь құрмасының бір хоккейшісін ойын таяғымен нұқып қалғаны үшін осы матчта айдынға шығу құқығынан айырылып, жазаға тартылған-ды. Соның орнына шыққан Рымарев өзінің ұлттық құрама сапында ойнауға лайық екендігін көрсете білді.

Өкінішке қарай, екінші кезеңнің басында біздің хоккейшілер Латвия құрамасының шабуылдарына төтеп бере алмай, үш рет жаза басты. Абырой болғанда, екінші кезеңнің аяғында бірнеше рет кем құрамда ойнаған Латвия құрамасының қақпасына екі гол соғып, есепті теңестірудің сәті түсті.

Сөйтіп, Николай Антропов пен Евгений Блохиннің голдары мұзайдын додасы көрігін одан әрмен қыздыра түсті. Алайда үшінші кезеңде Латвия құрмасының айы оңынан туып, Виталий Еремеев өз қорғаушымыздың ойын таяғына тиіп, бағытын өзгерткен шайбаға ие бола алмай қалды...

Өкінішке қарай, біздің құрама осы матчта сегіз рет артық құрамда ойнап, (біреуінде тіпті екі хоккейшіміз артық болып), осы тамаша мүмкіндікті жүзеге асыра алмады.

Рас, Латвияның үш хоккейшісін бесеулеп қыспаққа алғанда, Антропов гол соғып, іле-шала төртеуін тықсырғанда, Блохин гол соғып, есепті теңестірді. Ал қалған жетеуінде гол соға алмай, пұшайман болды. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібере берсек, биылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуіміз екіталай.

Содан соң қақпашымыз Виталий Еремеевті тынықтырып алған дұрыс сияқты. Әрине, оның тәжірибесі мен шеберлігіне шек келтірмейміз. Еремев ойын барысында қарсыластарымыздың небір қауіпті соққыларын тойтарып, риза қылады. Бірақ баз-базында кейбір соққылардан көз жазып қалып та жүр. Сол себепті барлық жауапкершілік жүгін ардагер қақпашымызға арта бермей, оны дамылдатып алғаны да дұрыс еді, бас бапкердің.

Сонымен ұлттық құрамамыз Минскіде үш рет ұтылды. Алда әлі төрт ойын бар. Бірақ ендігі қарсыластарымыз – тым азулы командалар.

Әу баста "бастапқы үш ойыннан өзімізге қажетті ұпайларды олжалауымыз керек" деп топшалағанбыз. Бірақ олай болмады. Енді, көңіл – күпті, жағдай – қиын...

Қазақстан – Латвия – 4:5 (2:1, 2:3, 0:1)

0:1 – Индрашис (Редлихс, Шталс), 01:15.
1:1 – Жайлауов (Cемёнов), 04:43.
2:1 – Рымарев (Антропов, Савченко), 19:45.
2:2 – Кулда (Редлихс, Кениньш), 23:41.
2:3 – Кулда (Индрашис), 29:51 /артық құрам/.
2:4 - Редлихс (Сотниекс), 34:07.
3:4 – Антропов (Даллмэн), 39:11 /артық құрам/.
4:4 – Блохин (Антропов), 39:55 /артық құрам/.
4:5 – Шталс (Гальвинш), 43:22.

Қақпашылар: Еремеев – Масальскис.
Айып уақыты: 8 (6+2+0) – 18 (6+10+2).
Соққылар: 29 (12+13+4) – 27 (4+14+9)

Бұған дейінгі екі ойынның нәтижесі:

Қазақстан – Германия – 1:2 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)
Қазақстан – Беларусь – 1:4 (1:0, 0:2, 0:2)

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer