14 мамыр 2014 | 22:21

Настя Шарипованы өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Настя Шарипова. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Настя Шарипова. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Павлодарда Настя Шарипованы өлтірген қандықол қылмыскер 25 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алқа билер Виктор Бахаревті 14 жасар қызды өлтірді және зорлады деп айыптады. Соңғы шешімді олар бүгін, яғни 14 мамырда шығарды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда Настя Шарипованы өлтірген қандықол қылмыскер 25 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алқа билер Виктор Бахаревті 14 жасар қызды өлтірді және зорлады деп айыптады. Соңғы шешімді олар бүгін, яғни 14 мамырда шығарды. 

"Соттың шешімімен Виктор Бахарев 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді судья Қадырбек Сатабаев. Қылмыскер мерзімін қатаң режимді колонияда өтейтін болады. Одан бөлек Бахарев өлген қыздың отбасына 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Осылайша сот айыптауды толықтай мақұлдап шықты. 

Айыпталушының қорғаушысы Бауыржан Азановтың айтуына қарағанда, қайтыс болған қыздың шешесі қылмыскерді өлім жазасына кесуді өтінген. Ал, Виктор Бахаревтан соңғы сөзін айтуды сұрағанда ол Настя Шарипованы өлтірмегенін айтып, кінәсін мойындамаған.

Бұған дейін хабарланғанындай, Бахаревке қатысты сот процесі ағымдағы жылдың ақпанында басталған. Айыпталушыны Азановпен бірге оның әпкесі Антонина Зверева да қорғаған.

Еске саламыз, өткен жылы 21 қазанда Ақсу ауданына қарасты Евгеньевка ауылындағы орта мектептің 14 жасар оқушысы Анастасия Шарипова мектептен шығып, үйіне қайтып бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Арада екі апта өткенде қыздың мәйіті үйінен 250 метр қашықтағы шұңқырдан табылған. Ал 6 қарашада полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен, сол ауылда тұратын 20 жастағы Виктор Бахаревті тұтқындаған. 

Тергеу амалдары көрсеткеніндей, қыздың табылғаны жөнінде мәлімет тарағанда ол алдымен асылып өлмекші болып, артынша қашып кетуге әрекет жасаған. Виктор Бахаревті ұстағанда ол істеген қылмысын мойындаған. Оған адам өлтірді және зорлады деген айып тағылып отыр. Алайда Бахаревтың туыстары оның кісі өлтіргеніне сенбейтінін, қысым болғаннан кейін ғана кінәні өз мойнына алғанын айтқан. Оның бұл қылмысқа қатысы барын ДНҚ қортындылары дәлелдеп берген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer