15 мамыр 2014 | 10:41

Назарбаев Түркиядағы шахтада орын алған жарылысқа байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 
©РИА Новости Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сома қаласының маңындағы шахтадағы жарылыстан көптеген адамдардың қаза болуы мен зардап шегуіне байланысты Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Елбасы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ шахтадағы апаттан аман қалғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні Стамбулдан 250 шақырым шалғай жерде Сома атты елдімекенде орналасқан шақтада апат болған. Кеншілер екі шақырым тереңдікте жұмыс істеген. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, шахтада электр сымдарының тұйықталуынан өрт шығып, жарылыс болған. Апат кезінде жердің астында 787 кенші болған. Соңғы деректер бойынша, апаттан ажал құшқандардың саны 245 адамға жеткен. Құтқару операциясы әлі жалғасуда.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети