Бүгін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында қазақтың қолөнеріне арналған үш бірдей кабинет ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында қазақтың қолөнеріне арналған үш бірдей кабинет ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы қазақ мектебінің игі бастамасына Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі қолдау білдірді. Аталған ұйымның қаржысына тігін машиналары және арнайы құрал-жабдықтар алынып, үш кабинетке қойылып, оқушылар үшін қазақтың қолөнерін меңгеруге жан-жақты жағдай жасалды. Сөйтіп, бас кезінде шағын ғана үйірме болған шығармашылық ұжым үлкен бір қолөнер мектебіне айналып келеді. Ал осының барлығы бастауыш сынып мұғалімінің арқасында іске асып отыр.
"Мен бұрын балалар үйінде жұмыс істеген кезімде балалардың осы тігу мен тоқуға деген қызығушылығын байқадым. Содан мектепке келген бойда директор Базаркүл Сағындыққызына ұсыныс жасап, қолөнер үйірмесін ашқан болатынмын. Байқап қарасам, бір жыл өтті, екі жыл өтті, балалар көбейіп жатыр. Бас кезінде аз-ақ болған. Қазір балалардың саны 150-ге дейін жетті. Одан кейін Түркияда өткен бір семинарға қатысып, сол елдің ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің мамандарына ұсыныс жасадым. "Қазақтың қыздары құр босқа отырып, телефондарын шұқылағанша, осы қазақтың қолөнерін үйренсін" деген тілек болды. Оны естіген түрік бауырларымыз маған қолдау білдірді. Мінекей, сол бастамамыз іске асып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. Енді, осының бәрін кәдеге жаратып, қазақтың қолөнерін әлемге танытсақ қой, шіркін", - дейді үйірме жетекшісі Ләззат Атыбай.