17 мамыр 2014 | 16:48

2020 жылға қарай Қазақстанда азық-түлік импорты азаяды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асылжан Мамытбеков. Сурет ortcom.kz сайтынан алынған Асылжан Мамытбеков. Сурет ortcom.kz сайтынан алынған

"2020 жылға қарай Қазақстанда азық-түлік импортын азайтуды ниет етіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"2020 жылға қарай Қазақстанда азық-түлік импортын азайтуды ниет етіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда азық-түліктің негізгі бөлігін, яғни жалпы көлемнің 60 пайызын шет елдерден импорттайды. Нақты айтар болсақ, кондитерлік өнімнің 18 пайызы, сүт өнімдерінің-13, қанттың-8, құс етінің-6, жеміс-жидек консервасының-6, шәйдің-5, өсімдік майы мен шұжықтың үш пайызы сырттан жеткізіледі.

"Нарықта импорт өнімі бар және ол белсенді түрде артып келеді. Бұл өз кезегінде, отандық өнімдерді сатуда мәселелер туындатып отыр. Біз осы бағдарламада назарды өңдеуші кәсіпорындарға аударып отырмыз. 2020 жылға қарай импорттың үлесі азаятын болады" деп мәлімдеді министр.

"Агробизнес-2020" бағдарламасына сәйкес, сүт өнімінің импорты 31-ден 10 пайызға, ет-55-тен 10 пайызға, жеміс-жидек консервасы 20 пайызға дейін, кондитерлік өнімдер 56-дан 44 пайызға азаятын болады.

Сонымен қатар, минист мемлекет азық-түлік экспроты көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Одан өзге, отандық өнімді насихаттайтын жаңа бағдарлама жасалған. "Тұтынушылардың басым бөлігі пастерленген сүт пен стрилді сүттің, салқындатылған ет пен мұздатылған еттің айырмашылығын білмейді. Сондықтан тұтынушылар таза табиғи өнімді емес, сөредегі танымал бренттерді ала береді" дейді Мамытбеков.

Бұған дейін Қазақстанның 2013 жылы 4 млрд. доллардың азық-түлік тауарларын импорттағаны айтылған болатын. "Өткен жылдың қортындысы бойынша, импортттың көлемі 4 млрд. доллардан сәл асты. Бұл 2012 жылмен салыстарғанда 5 пайызға артық" деп мәлімдеді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов.

 


 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer