17 мамыр 2014 | 18:48

Қазақстан Үкіметі 2-бесжылдық жобасын мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әсет Исекешев. Суретті  Марат Абилов түсірген. Әсет Исекешев. Суретті Марат Абилов түсірген.

"Қазақстан Үкіметі мемлекеттің 2015-2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму жобасын мақұлдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте үкімет отырысынның қортынды отырысында вице-премьер-ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Үкіметі мемлекеттің 2015-2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму жобасын мақұлдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте үкімет отырысынның қортынды отырысында вице-премьер-ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет бағдарлама жобасын мақұлдады және жақын арада Мемлекет басшысы әкімшілігіне келісуге жіберіледі. Үкімет бекіткен соң шараны атқару жоспары құрылады" деп мәлімдеді Исекешев. Оның сөзіне қарағанда, индустриализациялаудың 2-бесжылдық жоспары үкіметтің жаңа структуралық саясаты шеңберінде жүзеге асырылады, нақты айтқанда, төрт негізгі сектор дамытылады.

"Бірінші топ-бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және қаржылық базаның өсуін қамтамасыз ететін шикізат секторы. Екінші-бұл даму сапасын арттыратын өңдеу өнеркәсібі. Үшінші-бұл болашақты бәсекелестікті қамтамасыз ететін болашақ экономикалық, инновациялық сектор. Төртінші-бұл адамдарды жұмыспен қамту, өнімділікті және басқа де процестерді арттыру. Аталған төрт сектор базалық тұрақты өсімді құрайтын болады" деді Исекешев.

Бағдарламаның бір ерекшелігі-салалық бағдарламаларды жою. "Бұл бесжылдықта кәсіпкерліктің белсенді қатысуын, нақты айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуын атап өтуге болады. Кәсіпкерлердің белсенді қатысуы және жеке инвестиция тартудың кластерлік тәсілі қарастырылуда" деді министр.

Сонымен қоса, оның сөзіне қарағанда, елімізде премьер-министр басқаратын екінші бесжылдық жоспарын үйлестіруші арнайы орган құрылған. "Бұл барлық жұмысты үйлестіруші орган болады. Айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық негізде бақылап отыратын тиімділік көрсеткіші болатын индекатор енгізілген. Үйлестіру комиссиясы барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, әкімдіктердің жұмысын мұқият сараптап, тиісті шаралар қолданатын болады" деп мәлімдеді Исекешев.

Брифинг барысында "Байтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев "Мемлекеттік индустриальды-инновациялық даму бағдарламасы аясында отандық кәсіпкерлер банктерден ұлттық валютамен несие рәсімдей алады" деп мәлімдеді.

"Банктердің дамуы мен несиелік қызметін жақсарту мақсатында үкімет бесжылдық шеңберінде оларға қаржылай көмектесу, ақша беру және өзге де сыртқы қарыз мәселелері бойынша қолдау көрсететін болады. Бұл кісіпкерлерді валюталық тәуекелдерден қорғайды. Бұл орнықты және тұрақты жұмысты қамтамасыз ететін болады" деп мәлімдеді Бишимбаев. Сондай-ақ ол несие мерзімі жеті жылдан 10 жылға дейін болатынын жеткізді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer