19 мамыр 2014 | 08:41

The Spirit of Tengri фестивалінде алғаш рет электронды жетіген таныстырылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретті Алишер Ахметов түсірген Суретті Алишер Ахметов түсірген

"Aldaspan этникалық рок-топ жетекшісі Нұржан Тойшы электронды жетіген ойлап тапты. Бұл аспаптың үнін алғаш болып The Spirit of Tengri фестивалінің қонақтары тыңдайтын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Aldaspan этникалық рок-топ жетекшісі Нұржан Тойшы электронды жетіген ойлап тапты. Бұл аспаптың үнін алғаш болып The Spirit of Tengri фестивалінің қонақтары тыңдайтын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл қазақтың байырғы музыкалық аспабының жаңартылған түрі. Оның 23 ішегі кең дыбыс береді. Электронды жетіген ойнаған кезде дыбысты түрлендіреді. Сондай-ақ аталмыш музыкалық аспапты дауыс күшейтетін аппаратқа қосуға болады.

Мынау қалыпты жетіген. Осыған ұқсас музыкалық аспапты көптеген Еуразия халқы пайдаланады.

Электронды жетіген аспабында әлемде алғаш болып The Spirit of Tengri фестивалінде жаңа құрылған "Шарапат" тобының мүшелері ойнайтын болады. "Бұл соқпалы музыка аспабы, бас-домбыра, ритм-соло домбыра, вокалист және жетігенші бәрі бір адамда" дейді Тойшы. Электронды жетіген аспабы авторының айтуынша, аспаптың бір ерекшелігі дыбыстың ұзақ шығуында, бірнеше сәттен кейін ғана дыбыс басылады. "Бұл аспапта ойнайтын адамның шеберлігі оның соққылап ойнауында емес, қажет кезінде дыбысты тоқтата алуында" дейді Тойшы.

Автордың айтуынша, электронды жетіген аспабын орыстардың гусляры сияқты бұрыштап қойып ойнау керек. "Оң қолмен діріл жасап, сол қолмен тереді. Біз мұны тәжірибеде көретін боламыз" дейді ол.

Тойшының сөзіне қарағанда, электрожетігенде кез келген шығарманы орындауға болады. Әзірлеуге 12 адам қатысқан. Музыкалық аспап Мәскеуде жасап шығарылыпты. Оның қажетті бөлшектерін әр елден алдыртқан көрінеді. Дайындауға төрт ай уақыт кеткен.

Қазір "Шарапат" тобының мүшелері The Spirit of Tengri фестиваліне қалыпты жетігенмен дайындалып жатыр. Концерт Алматыда Республика Сарайы алдындағы алаңда 7 маусым күні өтеді. Фестивальге Бурятия, Якутия, Австрия, Жапония, Эквадор, Түркия және басқа да елдерден этномузыканттар келеді. Сондай-ақ сахнаға көмеймен ән айтудың шеберлері, этноаспаптарда ойнаудың виртуоздары шығады. The Spirit Of Tengri фестивалінің Бас серіктесі Kaspi Bank. Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орайластырылып өткізіледі.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer