Ақмола облысында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, оқиға орнында 1948 жылы туылған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, оқиға орнында 1948 жылы туылған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға 18 мамыр күні түнде Жаңа-қима ауылында орын алған. Тілсіз жаудың жалыны жарты сағатта ауыздықталды. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД бір техникасы мен жеке құрамның үш адамы жұмылдырылған. Өрт барлығы 36 шаршы метр аумақты шарпыған.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай кеше ғана, 18 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған болатын. Тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрттен әйел адам қаза болған.