20 мамыр 2014 | 13:13

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандарға қатысты заңды тезірек қабылдауды сұрайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
news.headline.kz news.headline.kz

Бүгін Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары Талғат Мамашев оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуді сұрады, деп хабарлайды Тенгриньюс тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары Талғат Мамашев оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуді сұрады, деп хабарлайды Тенгриньюс тілшісі.

"Парламент оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуі керек. Өткен жолы Ресей Қырымдағы жағдай аясында азаматтық алуға қатысты заңды бір күннің ішінде қабылдады. Соған орай, өтініш берген адам бір күннің ішінде Ресей азаматтығын ала алады. Бұл біз үшін де аса қажет тәжірибе. Өйткені, Қазақстанның көші-қон туралы заңнамасын өзгерту ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Қазрдің өзінде заң жобасы шілдеде Үкімкетке ұсынылып, оны қабылдау келер жылға қалатыны туралы айтылып жүр", - деді Талғат Мамашев ішкі және сыртқы көші қон проблемалары талқыланған Мәжілістегі отырыста.

"Мәжіліс депутаттарынан сұрарым, осы заң жобасын тездетейік. Кезінде оралмандар азаматтығына кедергі жасайтын заңды бір ғана күннің ішінде қабылдадыңыздар ғой, ендеше сондағы олқылықты түзетуді де бір айдан асырмасақ екен", - деген тілегін білдірді қауымдастық Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, сөз арасында Талғат Мамашев бұған дейінгі оралмандар азаматтығына қатысты қабылданған заң бойынша Парламент депутаттарына өз ренішін де айтып қалды. Оның айтуынша, көші-қон саласында әсіресе этникалық қандастардың отанына оралу мәселесінде кемшіліктер болды. "Алайда, Президенттің осы кемшіліктерді орнына қойыңдар деген тапсырмасын біздің кейбір органдағы ағайындар көші-қонды біржолата тоқтатуға дейін барып отыр. Соның ішінде, шетелдегі біраз ағайындардың Парламенттегі депутаттарға да өкпесі қара қазандай. Бұл мәселемен экономика министрі депутаттар алдына келгенде, бір де бір депутат "бұл қалай?"  деп сұрамады", - деген ренішін де алға тартты Т. Мамашев.

Сонымен қатар, оралмандар азаматтығына қатысты мәселеге келгенде қауымдастық өкілі бірқатар ұсыныстарды да алға тартты. Оның айтуынша, қазір келіп жатқан оралмандарды қинап жүрген - көші-қон полициясы.

"Шеттен келетіндер үшін кедергілер болғанына қарамастан Атажұртына асығатындар баршылық. Ал солардың өзіне түрлі анықтамаларды үйіп-төгіп сандалтудың қажеті қанша? Қытайдан сотталмағаның туралы анықтама әкел, тұрғылықты орыннан есептен шыққаның туралы анықтама керек деген секілді ақымақ талаптарды қойып, қандастарды жылатып жатыр. Ал ондай талап ешбір заңда көрсетілмеген. Мұны тоқтатуымыз керек", - деді Т. Мамашев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer