20 мамыр 2014 | 22:27

Соққыға жығылған "Ертіс" ФК басшыларын футболшылар флешмоб арқылы қолдайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Ертіс" ФК эмблемасы "Ертіс" ФК эмблемасы

Белгісіз біреулер "Ертіс" футбол командасының басшыларын соққыға жығып кеткеннен кейін Қазақстанда спортта күш қолдануға қарсы акция жүргізіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еліміздің футболшылары "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер "Ертіс" футбол командасының басшыларын соққыға жығып кеткеннен кейін Қазақстанда спортта күш қолдануға қарсы акция жүргізіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еліміздің футболшылары "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі.

Еске сала кетейік, бұл оқиға "Ертіс" футбол командасы Семейдің "Спартак" командасын жеңгеннен кейін болған. Ол кезде "Спартак" командасы 5:0 есебімен жеңілген болатын. Осыдан кейін белгісіз біреулер директорлар Халімжан Ержанов пен Болат Ысқақовты тұрғын үйдің кіре беріс есігінде темір затпен соққыға жыққан. Полиция мұны қасақана жасалған шабуыл деп есептеп отыр. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен жапа шеккендердің бірінің денсаулығының жағдайына қарап бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 103-бабының 2-тармағына (адам денсаулығына қасақана зиян тигізу) ауыстырылды.

"Ертіс" ФК директорларына жасалған шабуыл кәсіби қызметіне байланысты болып отыр деген нұсқаны Қазақстан футболшылар кәсіподағының төрайымы Әйгерім Сабырәлиева да қуаттап отыр. "Біз түсінеміз, әрбір футболшы жеке өзі пікірін білдіре алмайды, сондықтан біз осындай әрекет жасауды ұйғардық. "Барлық қатысушылар "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі", - дейді Ә.Сабырәлиева. Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, "Ертіс" ФК басшыларының бірі Болат Ысқақов қазір ауруханада жатыр. "Оның жағдайы ауыр, бұл ұзаққа созылады, өйткені ол басынан өте ауыр жарақат алған", - дейді Павлодар қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Олег Гарбузенко. Ал Халімжан Ержанов ауруханаға жатудан бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer