21 мамыр 2014 | 13:05

Қазақстанда жыл сайын 240 мың адам микронесие тұтынады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жыл сайын 240 мың адам микронесие алады Жыл сайын 240 мың адам микронесие алады

 Микронесие ұйымдарының халықпен жұмыс істеуінде еркіндік басым.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Микронесие ұйымдарының халықпен жұмыс істеуінде еркіндік басым.

Бұл туралы "Қазақстандағы микронесие ұйымдары қауымдастығының"  директоры Анатолий Глухов, Жаннат Ертілесовамен "Кәсіби әңгіме"  бағдарламасының шығарылымы барысында сөз етеді,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Анатолий Глухов елдегі банктердің қарыз алушының төлем қабілетіне, қамсыздандырудың сапасына қатаң талап қоятынын айта келе, микронесиелеу ұйымдарында бұл нормалардың кездеспейтінін алға тартты.

"Микронесие ұйымдары тұтынушының талап-тілектеріне түсіністікпен қарайды және қарызды барынша тезірек рәсімдейді. Берілетін несиенің көлемі кіші болғанымен, микронесие ұйымдарында неғұрлым еркіндік бар" дейді Анатолий Глухов.


Бағдарлама қонағының айтуынша, қазірде Қазақстанда 1700-ге тарта микронесие ұйымдары тіркелген. Олардың 780 –і нақты қолданыста. Микронесие ұйымдарының беретін жалпы несие көлемінің  ең көп өлшемі 8 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы керек. (Бұл бүгінгі таңда 14 млн. 816 мың теңге).


Сондай-ақ Анатолий Глухов жыл сайын 240 мыңға жуық адам микронесие алып отырған айта келе, "Микро-қаржыландыру ұйымдары туралы" заңды қабылдағанға дейін бұл көрсеткіш 40-50 мың адамнан аспағанын да мысал етті.


Бұған қатысты Жанат Ертілесова "2003 жылға дейін заң қатаң болды. Одан кейінгі 10 жылда толық бағаны ырықтандыру жүргізілді. Нақ осы кезеңде кім қалады, сол осы нарыққа дендеп енді. Артынша заң қабылдандып, микро қаржыландыру ұйымдарының да ісі ілгері баса бастады" деп пікір білдірді.


Жалпы, Қазақстандағы микронесиелендірудің бағыттары мен ұстанымдары жөнінде нақты  мәліметтерді бүгін Жаннат Ертілесова мен "Қазақстандағы микронесиелеу ұйымы қауымдастығының" директоры Анатолий Глухов арасында болған "Кәсіби әңгіме" бағдарламасындағы сұхбаттан көре аласыздар. Бағдарлама СТВ арнасында сағат 20.30-да эфирға шығады.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer