21 мамыр 2014 | 17:36

Мүлікті жария еткендерге заң бойынша рақымшылық жасалады - А.Теңгебаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ардақ Теңгебаев ©Тengrinews.kz Ардақ Теңгебаев ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі ел азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтияры бар тұлғалардың мүлкін жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы кейбір заң жобаларына өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев таныстырды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісі ел азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтияры бар тұлғалардың мүлкін жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы кейбір заң жобаларына өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев таныстырды.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшының биылғы жылдың сәуір айында өткен инвесторлар кеңесінде берген тапсырмасы аясында жасалып отыр. Ал бұл заң бойынша ел экономикасына қосымша қаражат тарту, төлем теңгерімдерін тұрақтандыру, сондай-ақ, "көлеңкелі" экономиканы қысқарту шаралары қолға алынбақ.

"Заң негізінде жария ету нысандарына ақшалар, бағалы қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері кіреді. Сонымен бірге, үй, олардың орналасқан жер телімдері, тиісті емес тұлғаларға рәсімделген баспаналар, елімізден тысқары жердегі жылжымайтын мүліктер қамтылды", - деді Қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев.

Айта кететіні, жария етуге болатын мүліктен басқа жариялауға болмайтындары да бар. Олар қылмыстық және құқық бұзушылық жасау арқылы алған мүліктер (сыбайлас жемқорлық пен мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар), сотта қаралып жатқан дүниелер және несиемен алынған қаражаттар болып саналады.

"Рұқсат етілген нарықтық аспаптар мен екінші деңгейлі банктер арқылы қосымша қаржыны экономикаға тарту көзделген. Жария болған дүниелер тұлғалардың табысы болып есептеледі және оған салық салынбайды. Ең маңыздысы, заң аясында қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - деді Ардақ Теңгебаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer