21 мамыр 2014 | 20:39

Қоғамдық белсенділер Павлодарда "Оккупай-педофиляй" стилінде тәртіп орнатпақшы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Олар күдікті ер адамға әлеуметтік желі арқылы шыққан ©tengrinews.kz Олар күдікті ер адамға әлеуметтік желі арқылы шыққан ©tengrinews.kz

Павлодарда "Болашақ үшін" қозғалысына қатысушылар  "Оккупай-педофиляй" стилінде тәртіп орнатпақшы болған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Қоғам белсендісі Николай Гергерттің айтуынша, олар әлеуметтік желі арқылы педофил деп тапқан күдіктінің ізіне түскен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда "Болашақ үшін" қозғалысына қатысушылар  "Оккупай-педофиляй" стилінде тәртіп орнатпақшы болған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Қоғам белсендісі Николай Гергерттің айтуынша, олар әлеуметтік желі арқылы педофил деп тапқан күдіктінің ізіне түскен.

Олар танысуға арналған сайттардың біріне жасы 19-да деп 14 жастағы баланың анкетасын орналастырған. "Ер адам онымен жақын таныссам деп жазады. Сөйтіп хат жазысу басталады. Сөзінен арам ойы барын байқап, ол айуанды полицияның ұстап алуына көмектеспек боп шешім қабылдадық. Пәтер жалдап, оны кездесуге шақырдық" дейді Гергерт. Өзіне "Оккупай-педофиляй" стилінде ор қазылғанын, әрине ол аңғармаған. Есік ашқан жасөспірімге ол сыра мен анаша ұсынған. Бұл кезде "Болашақ үшін" белсенділері көрші бөлмеде болған."Еркек балаға жаңа ғана жуынғанын, жыныстық қатынасқа дайын екенін айтқанын естідік. Ол дамбалына дейін шешініп, төсекке ыңғайлана бергенде біз оны ұстап алып, қол-аяғын байлап, полицияға апардық" - дейді қоғам белсендісі.

"Оккупай-педофиляй" стиліндегі бұл тәртіп орнату полицейлерді еш толғандырмаған. Полицияның оңтүстік бөлімінің қызметкерлері ұсталғанды тіркеуден бас тартқан. Сондай-ақ олар қоғам белсенділері қолындағы болған оқиғаны тіркеген құжаттарды, бейнетаспа мен жазбасы бар флешканы тартып алып, ұсталған күдікті еркекті үш сағат ішінде өз еркіне жіберген. Полицейлер қоғам белсенділеріне заттарын қайтарудан бас тартқан. Полициядағылардың айтуынша, ұсталғанды олар жібере салған, өйткені оның іс-әрекетінен қандай да бір қылмыстың белгісін анықтамаған. Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, заттар тергеу шараларын өткізу мақсатында алынған, өйткені тағылған кінә ауыр болған, оған дәлелдер қажет болыпты. 

"Болашақ үшін" белсенділерінің сөзіне қарағанда, педофил деген күдіктінің жасы 31-де, ол алдында кісі өлтіріп, 12 жылға сотталған, түрмеден шыққанына төрт-ақ ай бопты. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer