21 мамыр 2014 | 22:08

Қазақстандық ғалымдар "Тополь" зымыранының ізі неге жарқырағанын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© lada.kz © lada.kz

Қазақстандық ғалымдар еліміздің бірнеше қаласы -  Атырау, Ақтау, Орал және басқа да қаланың тұрғындары кеше куә болған "Тополь" РС-12М ресейлік зымыраны ізінің ерекше жарқырауы неден туындағанын түсіндірді. Tengrinews.kz сайтына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Физика-химия әдістерін зерттеу мен сараптау орталығының мамандары мынаны жеткізді:

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғалымдар еліміздің бірнеше қаласы -  Атырау, Ақтау, Орал және басқа да қаланың тұрғындары кеше куә болған "Тополь" РС-12М ресейлік зымыраны ізінің ерекше жарқырауы неден туындағанын түсіндірді. Tengrinews.kz сайтына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Физика-химия әдістерін зерттеу мен сараптау орталығының мамандары мынаны жеткізді:

"Ұшу кезіндегі жарқырау жану реакциясынан туындайды, оның нәтижесінде жанған заттар аэрозоль түрінде ауаға бөлінеді. Ол алдында зымыранмен қосарласып жүріп барып, артынан ауада ыдырап кетеді. Газ фазасы екі аймаққа бөлінеді: шекті температурасы 1800-1900 К-ны құрайтын "қараңғы" немесе бу-газ және "жарқыраушы" - жану аймағында температурасы отын үшін белгіленген шекті игергенде (2500-3500 К). Бұл - қалыпты құбылыс. Бұл арада жарықтануды айқындауға батып бара жатқан күн нұры мен қала электр жарығының ат салысқанын да ескеру керек".

Ғалымдардың айтуынша, ирек траектория зымыранды атып түсіруден мейілінше қашқан "Тополь" қозғалысының ерекшелігін байқатады.

Мамандар зымыран бір жерден жиі және көп көлемде ұшырылатын болса, қауіп төндіреді деп санайды. Бірақ зымыранның бір ұшырылу барысында бөлген зиянды қалдықтары қатты алаңдаушылық туғызбауы тиіс.

"Мұндай зымырандардың ұшуы ілуде бір рет кездеседі, ұшу траекториясы да өте жоғарыда, зиянды заттар жерге жетпей ыдырап кетеді.  Оның есесіне автокөліктердің, жылу электр стансаларының және жердегі ауаға зиянды бөлшектер тарататын басқа нысандардың жайына мазаланған жөн" дейді сарапшылар.

Сондай-ақ ғалымдар зымыранда қатты отынды тұтынатын қозғалтқыш қолданылатынын, ол жұмысы барысында сутегі, азот, су, көмірқышқылы сынды көптеген өнім түзетінін айтты. "Мұның ішінде зияндыға СО - көмірқышқылын, азот қышқылын, НСІ буын, қорғасын қосылыстарын жатқызуға болады" дейді орталық мамандары.

Еске сала кетелік, 20 мамырдың кешінде ресейлік әскерилер "Тополь" РС-12М континентаралық баллистикалық зымыранын сынап көрді. Зымыран Астрахан облысының Карустин Яр полигонынан ұшып шығып, Қазақстанға бағыт алып "Сарышаған" полигонындағы нысанды жойып жіберді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer