22 мамыр 2014 | 15:40

Қазақстанда 3 миллион еуроға Астананың 3D картасы жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 3 миллион еуроға Астананың 3D картасы жасалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі VII Астаналық экономикалық форумнан.


Қазақстанда 3 миллион еуроға Астананың 3D картасы жасалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі VII Астаналық экономикалық форумнан.

Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында ASTAINABLE жобасын бірлесіп іске асыру бойынша Астана әкімдігі мен франциялық EIFFAGE-EGIS-GDFSUEZ консорциумы арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Этьен қол қойды. Келісімнің басты мақсаты Астана қаласында 3D картаны жасау болып табылады.

"Жоба қала нысандарын және коммуникацияларын бірыңғай 3D картаға қосатын болады. Бұл қаладағы түрлі оқиғаларды алдын ала бағалау, қосымша коммуникацияларды салу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен қатар қала тұрғындарының ашық ресурсты қолдануына мүмкіндік туады, елорда туралы, оның инфрақұрылымы жайлы білуге болады", - дейді "AstanaInnovations" АҚ-ның басқарма төрағасы Талғат Әшім.

Оның айтуынша, француздық компания жобаға 3 млн. еуро инвестиция салуға дайын. Әкімдік жобаның іске асырылуын қадағалайды. Бюджеттік қаражаттар шығын болмайды. Карта бір жылдан кейін енгізіледі деп жоспарлануда.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети