22 мамыр 2014 | 18:47

Қазақ киносының жұлдызы Тұрақан Садықова өмірден өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тұрақан Садықова. ©Ярослав Радловский Тұрақан Садықова. ©Ярослав Радловский

Қазақ мәдениеті мен өнері үлкен талант иесінен айырылды. Қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі, актриса Тұрақан Садықова 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ мәдениеті мен өнері үлкен талант иесінен айырылды. Қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі, актриса Тұрақан Садықова 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.. 

Қазақ театры сахнасында үлкенді-кішілі, елеулі-елеусіз талай рөлдерде ойнап, саналы ғұмырын өнерге арнаған Тұрақан Садықова кино арқылы қалың көрерменге танылған еді. Оның өнердегі алғашқы сүбелі жеңісі де киномен байланысты. Тұрақан апа Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильміндегі ене рөлін ойнап, осы рөлі үшін "Құлагер-2009" жүлдесін иеленді, жылдың үздік актрисасы атанды. Ал 2010 жылы еліміздің Киногерлер одағының толыққанды мүшесіне айналды. "Келінді" экраннан алғаш көрген көзі қарақты көрермен Тұрақан апаның өз кейіпкеріне дарытқан тәңіршілдік рухына тамсанған болатын. Актрисаның шеберлігіне тәнтті болған Қазақстан Кинематографистер одағының басшылығы Тұрақан апаны "Экран шебері" медалімен марапаттады.

Тұрақан апа өзінің ең алғашқы түскен киносы "Отырардың күйреуінен" бастап, "Сталинге сыйлық", "Жел-адам", "Әурелең"фильмдерінде де шағын, бірақ мейлінше тартымды, айрықша рөлдерді сомдады. Тұрақан Садықова Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" атты тарихи фильмінде де ойнады. Актрисаның ешкімге ұқсамайтын түр келбеті, болмысы шетелдік танымал киногерлердің де назарын аудармай қалған жоқ. Мысалы, жақында белгілі неміс режиссері Файт Хельмер Тұрақан Садықованың қатысуымен "Байқоңыр" фильмін түсірсе, осыдан бес жыл бұрын Фолькер Шлендорф "Ұлжан" картинасындағы басты кейіпкердің әжесінің рөлін ешқандай сынақсыз-ақ, бірден Тұрақан апайға тапсырған және түсіру жұмыстарының барысында әрдайым оның пікірімен санасып, ақыл-кеңесіне жүгініп отырған. Актрисаның табиғи талантына, ақыл-парасатының тереңдігіне риза болған Ф.Шлендорф кейіннен "оның бет-жүзінен көне замандардың даналығы байқалады" деген пікірін білдірген.

Тұрақан апа талантты актриса ғана емес, қазақтың қасиетті аспабы қобызда шебер ойнайтын өнерлі жан еді. Ол – халқымыздың ғасырлардан жалғасып келе жатқан өмір үрдісіне, салт-дәстүріне сай өмір сүрген, даналығы, даралығы тал бойына туа біткен адам.  Шығармашылық жұмыстың да, сахнадағы рөлдің де үлкен-кішісі жоқ деп санаған Тұрақан апа қай-қайсысына болсын, өзіне тән үлкен жауапкершілікпен, тума талантпен, қазақы таным-біліммен құлшына кірісетін. Оның өмірінің мәні болған өнерге деген махаббаты бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ал оның театрдағы, кинодағы рөлдері мәдениетіміздің алтын қорына енетін құнды мұра. 

Тұрақан Садықова 1942 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы актерлік студияны бітірген. Жалпы, жиырма бес фильмде үлкенді-кішілі рөлдерде ойнаған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer