23 мамыр 2014 | 10:38

Шымкентте тамырға дәрі егудің салдарынан жаңа туған нәрестенің қолы қатты күйіп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"31 канал" кадры "31 канал" кадры

Шымкентте тамырға дәріні дұрыс екпегендіктен, жаңа туған нәрестенің қолы қатты күйіп қалды, себебі медбикелер салған препарат тері астына кетіп қалған, деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте тамырға дәріні дұрыс екпегендіктен, жаңа туған нәрестенің қолы қатты күйіп қалды, себебі медбикелер салған препарат тері астына кетіп қалған, деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі.

"Мен 15 мамыр күні кесарево әдісімен босандым. Наркозда жаттым. 16 мамыр күні таңертең маған баламды алып келді, алайда қолы оңбай күйіп қалған. Дәрігерлер: "тамырға егілген дәрі тері астына кетіп қалды" деп кешірім сұрап отыр", - дейді нәрестенің анасы Жанат Исабекова. Ол нәрестенің қолы күйген суреттерді туыстарына жіберген, алайда дәрігерлер оларға бір аптадан бері баланы көрсетпеген. Олар тек журналистердің араласуынан кейін ғана нәрестені көруге мүмкіндік алған.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестеге кальций хлоридін, яғни ыстық екпені тамырынан жіберген. Егер оны салмаса, бала мерт болуы мүмкін екен. №1 облыстық перинаталдық орталықтың бөлімше меңгерушісі Роза Алдамжарованың сөзінше, бала туылғаннан кейін транспортты күй кезінде балалар жансақтау бөліміне ауыстырылған. Сол жақта дәрігердің нұсқауы бойынша  инфузиялық терапия қабылдаған. Сол терапияны алған кезде балада күйік болған. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізіліп, медбике жұмыстан қуылған.

Алайда зардап шеккен нәрестенің туыстары мұндай жазамен мүлде келіспейді. Олар қазір медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі комитеттің облыстағы департаментіне шағым түсіріп отыр. Олар заң шеңберінде медицина қызметкерін қатаң жазаға тартуды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer